26.03.2020
Симферополь орта мектебінде 2019-2020 оқу жылында
«Коронавирустық инфекцияның алдын алу» бойынша өткізілген іс-шаралар есебі
5 наурыз – 9 наурыз аралығында Симферополь орта мектебінде «Коронавирустық инфекцияның алдын алу» бойынша іс-шаралар өткізілді.
Апта ішінде келесі іс-шаралар жүргізілді:
- 5 наурыз күні мектеп медбикесі коронавирус індеті бойынша дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге мұғалімдер мен мектеп қызыметкерлері қатысты. Дөңгелек үстел барысында коронавирус індеті бойынша дайындаған бейнеролик көрсетілді.
- 5 наурыз күні 5-11 сынып оқушылары «Коронавирус деген не, ол қашан пайда болды?» тақырыбында диктант жазды. Диткант жұмысын жүргізгендер - тіл мамандары Серикова З.О, Омарова А.О, Гордеева С.А.
- 6 наурыз күні тәлімгер Омаров Е.Д. «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» атты ұранда таңғы жаттығуды (флеш-мобты) өткізді. Шара барысында «Дені сау ұрпақ – ел болашағы» деп ұрандатылды.
- 6 наурыз күні таңғы жаттығудан кейін «Коронавирусты инфекцияның алдын алу» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сонымен қоса 9 наурыз күні «Коронавирусты инфекцияның алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
- 5 наурыз – 9 наурыз аралығында «Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Ұйымдастырған – кітапханашы Жүсіпбекова А.Қ.
«Коронавирустық инфекцияның алдын алу» бойынша өткізілген іс-шарадан оқушылар мен ата-аналар, мектеп қызыметкерлері денсаулығына қажетті ақпараттарды алды.