Коммунальное  государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Симферопольское отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша білім бөлімі Симферополь ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Физическая культура, здоровый образ жизни.

19.01.2020

Мақсаты:салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтай білу үшін кеңістік құру.

Осы мақсатты жүзеге асыру барысында бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

2 қыркүйек – 6 қыркүйек аралығында Симферополь орта мектебінде  «Денсаулық аптасы» акциясы өткізілді. Апта ішінде келесі іс-шаралар жүргізілді:

  1. 2 қыркүйек күні «Денсаулық аптасы» акциясының салтанатты ашылуы. Мектеп директорының құттықтауы.
  2. 2қыркүйек күні «Дені сау болу – бұл керемет» атты тақырыпта 5-11 сынып аралығындағы оқушыларға  жазба жұмысы жүргізілді. Жазба жұмысын жүргізгендер – тіл мамандары Серикова З.О, Омарова А.О, Гордеева С.А.
  3. 2-6 қыркүйек аралығында «Дені сау болу – бұл керемет» тақырыптық әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылды. Ұйымдастырған – кітапханашы Жүсіпбекова А.Қ.
  4. 3 қыркүйек күні тәлімгер Омаров Е.Д. «Таңертеңгі жаттығулар» атты флеш-мобты өткізді. Шара барысында «Денсаулық сұлулығы – қимыл- қозғлыста» деп ұрандатылды.
  5. 4 қыркүйек күні «Тазалық» рейдке 2-6 қыркүйек аралығындағы кезекшілігін атқарып жүрген 7 «А» сынып оқушылары шықты. Кезекші сынып  «Тазалық» рейдте оқушылардың сыртқы түрін, кабинеттердің санитарлық жағдайын тексеріп, бастауыш сынып оқушыларына «Денсаулығымыз мықты болу үшін не істеу керек ? деген тақырыпта сұрақтарқойды.
  6. 5 қыркүйек күні «Денсаулық пен спорт әлеміне саяхат» атты квест ойыны өткізілді. Оқушылар Денсаулық пен спорт еліне саяхат жасап, түрлі тапсырмаларды орындады. КВЕСТ ойынында бес арал болды.

Бірінші аралда оқушылар әріптерден денсаулық тақырыбына байланысты мақал құрастырса, екінші аралда «Біздің отбасымызда Спорт» тақырыбында  суреттер салды. Ал үшінші аралда дәрігер Айболиттің сұрақтарына жауап берсе, төртінші аралда «Денсаулық сұлулығы – қимыл- қозғлыста» тақырыбында флеш-моб биледі. Бесінші  аралда оқушылар арасында «Арқан тартыс», «Дартс», «Автоматты бөлшек

теу және жинау» атты түрлі жарыс ойындары өткізіліп, оқушыларға спортқа қатысты викториналық сұрақтар қойылды.

  1. 6 қыркүйек күні «Денсаулық аптасы» акциясының  жабылуы өтті. Іс – шараға қатысқан оқушылар марапатталды.

29 қазан күніСимферополь орта мектебінде ішімдіктен бас тарту күні аталып өтті.Шара барысында мектептің санитарлық бекеті «Что с разумом не ладит?» тақырыбында әңгіме өткізді. Әңгіме барысында есепті ішетін адам тез шығарама, ішпейтін адам тез шығара ма деген сұраққа жауап берді. Аталған тақырыпқа ескертпе плакаттар шығарылып, мектеп дәлізіне ілінді.

1-5 желтоқсан аралығында Симферополь орта мектебінде ЖҚТБ ауруының алдын алу апталығы өткізілді. Апталық ішінде бірқатар іс-шаралар жүргізілді.

Мектеп медбикесі Тыртышная С.В. ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы диктант өткізді.

1-жартыжылдық ішінде шахмат, дойбы, үстел теннисі мен баскетбол бойынша сайыстар өтті.

 

 

Мектеп медбикесі ішек ауруларының , құрт ауруларының алдын алу бойынша әңгімелер өткізіп, ЖРВИ-дің алдын алу бойынша санбюллетень шығарды.

Просмотров: 328


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст