Коммунальное  государственное учреждение "Общеобразовательная школа села Симферопольское отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области"
"Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы  бойынша білім бөлімі Симферополь ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

13 желтоқсан. Зеренді ауданы Симферополь орта мектебінде жаңа спорт залының ашылуы өтті.

14.12.2021

Зеренді ауданының Симферополь орта мектебінде жаңа спорт залының ашылуы өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шараға аудан әкімі Асен Жақсылықов қатысып, құрылыс салушы Асқар Байқановпен бірге лентаны салтанатты түрде қиды.

Жаңа спорт залы барлық заманауи талаптарға жауап береді, футзал, баскетбол, волейбол, күрес және басқа да спорт түрлерімен айналысуға арналған үлкен және кіші залдар ауыл тұрғындарын спортқа тартуға мүмкіндік береді, оның үстіне залдағы сабақтар кестеге сәйкес барлық тілек білдірушілер үшін тегін.

Айтулы оқиғаның құрметіне жаңа залда қазақ күресінен "Зеренді Барысы" турнирі өтті, оған Қызылсая, Қанай би, бірлестік және Симферополь ауылдарының балуандары қатысты.

3 орынды Симферополь ауылының палуаны Тантаев Ербол, 2 орынды Бірлестік ауылының балуаны Нұрбек Жандос, 1 орынды "кілем иесі" - балуан Әсет Жүнісов жеңіп алды.

Просмотров: 197


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст