Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 01 ақпандағы № 200 қаулысымен бекітілген«Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерлету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған Тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарында» жергілікті тұрғындардың, оның ішінде шалғай елді-мекендерде тұратын азаматтардың құқықтық сауаттылығын және мәдениетін арттыру мақсатында құқықтық көмек көрсету көзделген.
Осыған орай, бүгінгі күні Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен азаматтарға құқықтық көмек көрсету аясында құқықтық кеңесші роботы (чат-бот) іске қосылып отыр.
Чат-ботты пайдалану үшін adilet.kz сайтына немесе eup.adilet.gov.kz сайтына кіріп, төменгі сол жақ бұрыштағы роботты басып, қандай да бір құқықтық консультацияны қажет ететін азаматтар көрсетілген виртуалды консультантты онлайн форматта пайдалана алады.