12.04.2021
Мектебімізде 7-сәуірден бастап 9-мамыр күндері аралығында Денсаулық және спорт айлығы өткізілуде. Осы айлық шеңберінде 9-сәуір күні мектебімізде Денсаулық күні өткізілді. Жоғары сынып оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылса, бастауыш сыныптар арасында көңілді старт өткізілді. Санитарлық нормаларды ұстана отырып, жарыстар бірнеше кезеңнен тұрды.