5-ақпан күні мектебімізде Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігіне орай «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілді. Акция барысында қатаң санитарлық ережелерді ұстана отырып, зейнеткер-әріптесіміз, өзін-өзі тану пәнінің маманы, қазіргі күні Ақмола облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Сейпилова Күлбаршин Төлепбергенқызы балаларға деген базарлығымен келді. Мектебімізде білім алып жатқан 15 көпбалалы отбасылар мен 3 жағдайы төмен отбасыларына «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аясында Айсұлу Сабитқызының демеушілігімен азық-түлікке толы қораптар табысталды. Оқушыларымыз өз алғыстарын өлең жолдарымен көрсете білсе, ата-аналарымыз да Күлбаршин Төлепбергенқызы мен Айсұлу Сабитоваға өз ризашылығын білдірді.