Текст
12.04.2021
Денсаулық күні
Мектебімізде 7-сәуірден бастап 9-мамыр күндері аралығында Денсаулық және спорт айлығы өткізілуде. Осы айлық шеңберінде 9-сәуір күні мектебімізде Денсаулық күні өткізілді. Жоғары сынып оқушылары арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылса, бастауыш сыныптар арасында...
12.04.2021
Жалпымектептік ата-аналар жиналысы
9-сәуір күні мектебімізде жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста «Балаларды интернет тәуелділік пен құмар ойындардан қорғау», «Зорлық-зомбылықтың алдын алу», «ҰБТ тапсыру туралы», «Ата-ана бақылауы» және «Жазғы сауықтыру» тақырыптары қамтылды.
12.04.2021
Мамандық таңдау – маңызды іс»
5-сәуір күні 9А сыныбында «Мамандық таңдау – маңызды іс» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағаты дөңгелек үстел түрінде болды. Сабақ барысында оқушыларға мамандық түрлері және олардың қызметі тақырыбында түсіндірме жүргізілді.
05.04.2021
«Кітапханаға кітап сыйла» акциясы
Мектеп кітапханашысы Жусупбекова А.К. «Кітапханаға кітап сыйла!» акциясын ұйымдастырып, өткізді. 6 сынып оқушылары өздерінің үйінен кітап әкеліп, мектеп кітапханасына сыйлады.
05.04.2021
2-сәуір Бүкіләлемдік Аутизм туралы ақпарат тарату күні
Жоғары сынып оқушылары арасында «2-сәуір Бүкіләлемдік Аутизм туралы ақпарат тарату күніне» орай тәрбие ісі меңгерушісі мен мектеп психологы түсіндірме әңгіме жүргізді.
25.03.2021
«Қазақ халқының әдет ғұрыптары»
Мектебіміздің кітапханашысы Жүсүпбекова А.Қ. 6 Б сынып оқушыларымен «Қазақ халқының әдет ғұрыптары» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді. Іс шара барысында сонау ата бабаларымыздан бастап ұстанатын әдет ғұрыптар талқыланды.
15.03.2021
Жемқорлыққа жол жоқ!
Мектебіміздің 7 сынып оқушылары аудандық «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты суреттер челленджіне белсене қатысты. Ең үздік жұмыстары мектебіміздің инстаграмм парақшасына салынды.
15.03.2021
Наурыз – жыл басы!
2 Б сыныбында «Наурыз – жыл басы!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Наурыз мейрамының шығу тарихы, тойлануы туралы әңгімеленді. Оқушылар Наурыз тақырыбына өлеңдер жатқа айтып, жұмбақтар шешті.
2 Б сыныбында «Наурыз – жыл басы!» тақырыбында сынып сағаты...
09.03.2021
Аналар- Асыл жандар
Мектеп оқушылары 8-наурыз халықаралық әйелдер күніне видеоқұттықтаулармен құттықтау ашық хаттарын дайындады. Ерекше жұмыстары мектебіміздің инстаграмм парақшасына салынды.
03.03.2021
Алғыс айту күні
1-2 наурыз күндері Алғыс айту күніне даярлық сыныбында және 4 сынып оқушыларымен тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар ашық хаттарға алғыс айту тілектерімен жылы лебіздерін білдірді.